Новости ХАБ Каз
Еуразиялық әлеуметтік бизнес пікірталасы астанада өтті
Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) тәсілдерін қоса алғанда, инновацияларды талқылауға бағытталды.
Сенат спикері: Әлеуметтік кәсіпкерлер экономиканың дамуына және әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуда.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған алғашқы Орталық Азия Құрылтайының жұмысына қатысты.
Астанада әлеуметтік инновациялар хабы құрылады.