Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) тәсілдерін қоса алғанда, инновацияларды талқылауға бағытталды.
Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы қатысушыларды хабардар етті.
«Біз азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып жүрген әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлерді толығымен қолдаймыз», – деп атап өтті Құдайбергенов.
Оның айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 7%-дық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы жеңілдетілген несиелеу енгізілген. Инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейін, ал айналым қаражатын толықтыру үшін – 500 млн теңгеге дейін несие қарастырылған.
Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлерге берілетін микрокредиттер бойынша да мемлекет тарапынан 7%-дық мөлшерлемемен субсидиялау мүмкіндігі бар. Инвестициялық мақсаттар үшін – 20 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін – 5 млн теңгеге дейін.
«Биылғы жылы біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке бағыттауды қолға алдық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін», – деді вице-министр.
Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтай қатысушыларына алғысын білдіріп, «2024 жылдың үздік әлеуметтік кәсіпкері» байқауының жеңімпаздарын «Әлеуметтік инновациялық шешім», «Тұрақты даму» және «Ең жас әлеуметтік кәсіпкер» номинациялары бойынша марапаттады.