Новости ХАБ Каз

Астанада әлеуметтік инновациялар хабы құрылады.

Астана әкімдігі әлеуметтік жаңашылдар қауымдастығымен бірлесіп елдегі алғашқы Social Innovation Hub ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Біз әлеуметтік жаңашылдар қауымдастығымен бірге Астанада еліміздегі алғашқы Social Innovation Hub ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл хаб – білім алу, қолдау мен менторлық көмек көрсетуге арналған алаң болады», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайында.

Оның айтуынша, Астанада шағын және орта бизнес 1,5 миллионнан астам адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 70%-ын жұмыспен қамтып отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлердің ең көп шоғырланған өңірі де – Астана: олар республика бойынша тіркелген субъектілердің 23%-ын құрайды.

«Еліміздегі 800 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің 184-і Астанада орналасқан», – деді Глотов.

Құрылтай жұмысына әлеуметтік экономикаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, блогерлер және белсенділер қатысты.
2025-04-29 16:19