Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған алғашқы Орталық Азия Құрылтайының жұмысына қатысты.
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың болашағын талқылап, әлеуметтік бағыттағы жобалар мен өндірістерді қолдау бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Қатысушыларды құттықтай отырып, Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерліктің ел экономикасындағы өсіп келе жатқан рөліне тоқталып, бұл бағытқа Мемлекет басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
«Әлеуметтік кәсіпкерлер – мемлекеттік органдардың маңызды серіктестері. Олар экономиканың дамуына және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 200-ден астам кәсіпорын әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізілген. Бұл салада еліміздің әлеуеті бұдан да жоғары екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта бұл бағыт тұрақты дамуын жалғастырады деп күтеміз», – деді Сенат Төрағасы және Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерімен таныстырды.
Әлеуметтік кодекс нормаларын талқылау аясында ерекше назар мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне аударылды.
Палата төрағасы сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД елдері әріптестерімен ынтымақтастықты, соның ішінде заңнамалық тәжірибе алмасуды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, мұндай достыққа негізделген қарым-қатынасты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту еліміздің басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Соңғы жылдары біздің елдер арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша табысты әрі қарқынды дамып келеді. Аймақ елдерінің Мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтарда тұрақты түрде кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды аспектілер бойынша өз ұстанымдарын үйлестіріп отырады. Парламенттік деңгейде де өзара іс-қимыл мен серіктестікті дәйекті түрде дамытып келеміз. Бұл форум Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлер үшін тұрақты әрі тиімді ынтымақтастық алаңына айналады деп сенеміз. Қазақстан Парламенті Сенаты бұл бастамаға қажетті қолдау көрсетуге және өңірлік әлеуметтік бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын», – деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде, қатысушылар Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесін зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң әзірленіп, қабылданған болатын. Бұл заңда қызметтің құқықтық негіздері мен мемлекеттік қолдау тетіктері айқындалған.
Құрылтай аясында ауылдық жерлердегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және оны қаржыландыру, сондай-ақ тиісті желілер мен қауымдастықтар құру идеялары да айтылды. Экология және тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асыру, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы серіктестікті нығайту қажеттілігі де атап өтілді.
Екі күндік Орталық Азия әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы аясында әлеуметтік кәсіпкерлік пен қаржылық модельдеу, бизнес-стратегия әзірлеу, сату мен маркетингті ұйымдастыру бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі. Ұйымдастырушылар қатарында әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы танымал тренерлер мен коучтар – Эмин Аскеров, Айгерім Жаналинова, Меруерт Жүнісбек, Гүлмира Пармашева және басқалар бар.
Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлердің «Impact_onim» өнімдер жәрмеңкесі және арнайы экскурсия өтеді. Экскурсия барысында қатысушылар «Green TAL» шеберханасының, «Up and Go» даму орталығының және «Замандас 21» аула клубының қызметімен танысады.