Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кәсіпкерлер форумы аясында өткізіледі және еліміздің барлық өңірлерінен келген әлеуметтік кәсіпкерлердің өнімдерін, қызметтерін және әлеуметтік бастамаларын таныстыруға арналған алаң болып табылады.
Өтінім нысанын мұқият әрі толық толтыруыңызды сұраймыз. Ұсынылған ақпарат комиссия тарапынан өтінімдерді қарау және Жәрмеңкеге қатысушыларды іріктеу кезінде негізге алынады.
Қатысуға шақырылады: - Әлеуметтік кәсіпкерлер; - Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілер; - Әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер
Жәрмеңкеге қатысушыларды іріктеу тәуелсіз комиссия арқылы жүзеге асырылады.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығының, Астана қаласы әкімдігінің және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның шешімі өтінімде көрсетілген ақпарат пен ұсынылған материалдар негізінде қабылданады.